ҚӨС АШТӨ. Белек есеп және есепке жатқызу

    ҚӨС АШТӨ. Белек есеп және есепке жатқызу

    СХТП және ҚӨС: бір қызмет түрі бойынша асып кету сомасын екіншісінің есебіне жатқызуға бола ма?
    ​Қысқаша жауап: автоматты түрде жатқызылмайды.
    ​Егер ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі бір мезгілде ауыл шаруашылығы қызметін де, өзге де қызмет түрлерін де жүзеге асырса, ол ҚӨС бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті (ҚР СК 490-бабы).
    ​Маңызды жайттар:
    ​Бөлек есеп ҚӨС бойынша қосымша есепке жатқызуды дұрыс есептеу үшін қажет;
    ​ҚӨС-тың қорытынды сомасы ҚР СК 502-бабына сәйкес салық кезеңінің қорытындысы бойынша анықталады;
    ​Бир БТК (Бюджеттік сыныптама коды) бойынша оң сальдоның болуы бұл сома екінші қызмет түрі бойынша ҚӨС есебіне автоматты түрде жатқызылады дегенді білдірмейді.
    ​Есепке жазу, төлеу, есепке жатқызу және сальдоны қалыптастыру бойынша операцияларды шағылыстыру тәртібі ҚР СК 118-бабымен және Дербес шотты жүргізу қағидаларымен (ҚР ҚМ № 637 бұйрығы) реттеледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары