Алматыда 31-ші Орталық Азия халықаралық көрмесі өтеді

    Алматыда 31-ші Орталық Азия халықаралық көрмесі өтеді

    2026 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында Алматы қаласында «Атакент» көрме орталығында 31-ші Орталық Азия халықаралық Mining & Metals Central Asia-тау —кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту көрмесі өтеді. Бұл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия аймағындағы тау-кен металлургия саласындағы ең ірі халықаралық іскерлік оқиға. Биылғы жылы көрмеге 30 елден 520 — дан астам компания-жабдық өндірушілер,технология жеткізушілері, инвестициялық және инжинирингтік компаниялар қатысып, инновациялық шешімдер ұсынуға және Қазақстан кәсіпорындарымен ынтымақтастық орнатуға дайын екендіктерін растады. Көрме 22 — ші Қазақстандық халықаралық KAZCOMAK-жол және өнеркәсіптік техника көрмесімен қатар өткізіледі. Көрмеде ұсынылған озық халықаралық тәжірибе, оқыту семинарлары, тұсаукесерлер және заманауи технологиялар тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарына пайдалы болады және Қазақстан Республикасында инновацияларды одан әрі дамыту мен енгізу үшін ынталандыру болады.

    тел. +7 707 765 54 44, [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар