ӨКІЛ ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СӘБИ ҮЙІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облыстық мамандандырылған сәби үйіне барды.
    Бару барысында Өкіл мекемеде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндермен жүздесіп, тұрмыстық және әлеуметтік жағдайларымен, тамақтандыру сапасымен, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуымен, сондай-ақ тұзды шахта, емдік дене шынықтыру мен массаж, сенсорлық, Монтессори, логопед бөлмелерінің жұмыстарымен танысты.
    Мониторинг нәтижесімен балалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты тиісті ұсынымдар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі" жаңалықтары