Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

    Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

    Ақтөбе облысында “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

    18-21 тамыз аралығында облыс аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстардың жолын кесуге бағытталған “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері іздеуде жүрген 5 адамды ұстады. Сондай-ақ алкоголь өнімдерін өткізу талаптарының бұзылуына қатысты 19 дерек, ұсақ бұзақылықтың 62 дерегі анықталды.

    Жедел-профилактикалық іс-шара аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. Полиция қызметкерлері көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған 8 жүргізушіні, қарсы қозғалыс жолағына шыққан 43 жүргізушіні, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан көлік жүргізген 10 адамды анықтады.

    Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

    “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары