Ақтөбеде жаңартылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

    Ақтөбеде жаңартылған теміржол вокзалы пайдалануға берілді

    Жалпыұлттық онлайн-марафонда Ақтөбедегі теміржол вокзалының ашылуын көрсетті. Күрделі жөндеуден өткен станция нысаны 1976 жылы салынған. Осы жылы теміржол вокзалы толығымен күрделі жөндеуден өтті.

    Жолаушылар үшін экскалатор мен жеделсаты пайдалануға берілді. Бейнебақылау камералары мен билеттер кассасы жаңартылып, ана мен балаға арналған арнайы бөлме ашылды. Вокзалдың жалпы ауданы 7400 шаршы метр, тәулігіне 3000-ға жуық адамды қабылдайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары