«Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары»

    «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары»

    Ағымдағы жылдың 21 - тамыз күні "№5 жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі базасында «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында аудандық физика пәні бірлестігінің секциялық отырысы өтті.

    Отырыс барасында Аягөз аудандық білім бөлімінің ғылыми - әдістемелік кабинетінің әдіскері С.Т.Исаева «Жаңа Конституция: білім, ғылым, инновация және адами капитал – мектептің жаңа стратегиялық бағдары» тақырыбында баяндамасын оқып, 2026 - 2027 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатта енгізіліген өзгерістер мен толықтыруларға тоқталып өтті.

    Сонымен қатар , "Жасанды интеллект және физика " тақырыбында ""№3 жалпы орта білім беретін аралас мектебі"" КММ-нің физика пәні мұғалімі нагашбекова Еркежан Кайратовна, «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» тақырыбында «С.Ғаббасов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің физика пәні мұғалімі Курмашева Шырай Нурлановна іс - тәжірибелерімен бөлісті.

    Отырыс соңында пән мұғалімдері өзара пікір алмасып, жаңа оқу жылында білім беру процесіне жасанды интеллект элементтерін енгізу және оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша нақты ұсыныстар дайындады.

    Іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге алғыс білдіріліп, алдағы оқу жылына арналған негізгі міндеттер мен әдістемелік бағыттар бекітілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Аягөз ауданы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары