Жалақы төлеу мәселелері – ерекше бақылауда

    Жалақы төлеу мәселелері – ерекше бақылауда

    Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің департаментінде жеке кәсіпкердің жалақыны төлемеу мәселесі бойынша жүгінген азаматтарды қабылдау өткізілді.

    Кездесу барысында жұмыскерлерге еңбек заңнамасында көзделген құқықтары, еңбек құқықтарын қорғау тәртібі және қалыптасқан жағдайды шешу үшін одан әрі атқарылатын іс-қимылдар түсіндірілді.

    Өз кезегінде Департамент аталған мәселені белгіленген құзыреті шегінде жұмысқа алды.

    Жұмыс берушілердің назарына жалақыны уақтылы және толық көлемде төлеу – жұмыс берушінің негізгі міндеттерінің бірі. Қаржылық немесе өзге де қиындықтардың туындауы жұмыскерлердің заңды құқықтарының бұзылуына әкеп соқпауға тиіс.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары