МАҢҒЫСТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    МАҢҒЫСТАУ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ

    ТӨРАҒАСЫНЫҢ ШЕШІМІ

    Шетпе ауылы №5 19 маусым 2026 жыл

    Маңғыстау аудандық Мәслихатының

    сессиясын шақыру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабының 3 тармақ 1-1)-тармақшасына сәйкес 8-сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жыл тамыз айының 26-ына шақырылсын.

    8-сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихатының

    кезектен тыс отыз екінші сессиясының

    МӘСЕЛЕЛЕРІ

    Сегізінші сайланған Маңғыстау аудандық Мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясы 2026 жылғы тамыз айының 26-ында сағат 1100–де аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында басталады.

    Тұрақты комиссиялардың отырысы тамыз айының 26-ы күні сағат 915-те аудандық Мәслихат төрағасының кеңсесінде өтеді.

    Сессияның қарауына мына мәселелер ұсынылады:

    1. Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №24/191 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
    2. Әр түрлі мәселелер туралы
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары