
«Жоғарғы Егінсу ауылдық округ әкімі аппараты» ММ - сінде "EGOV" өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының базасында "Құқық кабинеті" жұмыс жасайды. Кабинет қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін «Әділет» ақпаратттық құқықтық жүйесіне, «Заң» деректер базасына, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне (е-otinish, egov, «Ашық НҚА» порталы және т.б.) қолжетімділігі бар компьютермен (принтер, телефон, веб-камера) жабдықталған. «Құқық кабинетінде» интернет желісіне қосылған компьютер орнатылған, оған қолданыстағы нормативтік құқықтық актілермен танысу үшін кез келген азаматтар қол жеткізе алады.



