Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне арналған семинар-практикум
🔷Педагог қызметкерлері тамыз конференциясының аясында «Мектепалды даярлық – адами капиталды қалыптастырудың алғашқы кезеңі: құндылықтар, дағдылар, құзыреттіліктер» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Іс-шара барысында мектепалды даярлықты үздіксіз білім берудің және адами капиталды қалыптастырудың маңызды кезеңі ретінде ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылды.
🖊️Тәрбие-білім беру үдерісін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша Шаризанова А.Ф. (№7 ЖОББМЛ), Абеуова А.Н. (№25 ЖОББМ), Веселова Т.П. (№32 ЖОББМ) баяндама жасады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың негізгі бағыттары, педагог қызметін жоспарлау және балалардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері ұсынылды.
🔷 №12 ЖОББМ тәрбиешілері Тусупова Д.О., Терещенко А.А., Алиева Р.С. «Мектепалды даярлық: баланың үйлесімді тұлғалық дамуына жағдай жасау» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісті. Іс-шара барысында баланың дербестігін, бастамашылдығын, жауапкершілігін, коммуникативтік дағдыларын және оқуға деген жағымды ынтасын дамытуға ықпал ететін педагогикалық жағдайлар қарастырылды.
♦️Балаларды мектепке дайындаудың тәжірибелік бағыты бойынша Жиенбаева С.М., Жақсыбаева М.Ж., Сұлтанова А.С. (№44 ЖОББМ) «Мектепалды сынып тәрбиеленушілерінің сөйлеу тілін дамыту және сауат ашуға даярлаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында тәжірибелерімен бөлісті. Балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту, сөздік қорын байыту, фонематикалық есту қабілетін қалыптастыруға бағытталған заманауи әдістер мен тәсілдер ұсынылды.
🔷Семинар-практикумның барысында мектепалды жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту мәселелері талқыланды. №34 ЖОББМ педагогтері Никитина Н.А. және Нагмажанова Р.Н. «Мектепалды жастағы балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту: тәрбиешінің тиімді тәжірибелері» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізіп, баланың алған білімі мен дағдыларын әртүрлі өмірлік және оқу жағдайларында қолдану қабілетін дамытуға бағытталған заманауи педагогикалық тәжірибелер туралы айтты.
🖊️Семинар барысында қатысушылар сапалы мектепалды даярлық баланың одан әрі білім алу бағытының маңызды негізі болып табылатынын атап өтті.
📌Ұсынылған педагогикалық тәжірибе мектепалды жастағы балалармен жұмыс барысында заманауи, іс-әрекетке негізделген және практикалық бағыттағы тәсілдерді қолданудың маңыздылығын көрсетті.
Мектепалды даярлық тәрбиешілеріне арналған семинар-практикум
Ұқсас материалдар

Еңбек күні қарсаңында қазақстандықтар жұмысшы мамандықтарға деген көзқарасын білдірді
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
Цифрлық жұмыспен қамту қызметі: ЖИ-көмекші ұсынған бос жұмыс орындары арқылы алғашқы 3 мың адам жұмысқа орналасты
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
ЕӘҚК Алматы қаласы бойынша департаментіАшу
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
ҚР ЕХӘҚМАшу
Еңбекпен елге үлгі болған ақтөбеліктер Елорда төрінде марапатталды
Ақтөбе облысының әкімдігіАшу
"Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі»мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІ
Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
Семей қаласындағы №4 мектепке жаңа директор тағайындалды
Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
🔊 Құрметті педагогтер! «Үздік педагог» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
Педагог қызметкерлердің тамыз конференциясы аясында өткізілген бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік жетекшілерінің секциялық отырысы
Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
“Абай облысы білім басқармасы” ММ Семей қаласы білім бөлімінің «№47 Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-не жаңа директор тағайындалды.
Абай облысы «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу