Жайдарлы жаз

    Жайдарлы жаз

    "Жайдарлы жаз"

    Шәкен ауылдық клубының ұйымдастыруымен балалардың жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында «Жайдарлы жаз» атты спорттық сайыс өткізілді.
    Сайыс барысында балалар спорттық ойындарға белсене қатысып, өздерінің шапшаңдық, ептілік және ұйымшылдық қабілеттерін көрсетті. Жарыс көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға жақсы әсер қалдырды.
    Іс-шара соңында сайысқа белсене қатысқан балаларға алғыс хаттар табысталып, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ізгі тілектер айтылды.

    #JaidarlyJaz

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары