«Абай жастары» жастар ресурстық орталығы мен Astana Hub халықаралық технопаркінің Семей қаласындағы өңірлік филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясындағы алғашқы бірлескен іс-шара ретінде жастарға арналған «Жасанды интеллект және цифрлық дағдылар» практикалық workshop-ы ұйымдастырылды.
Workshop барысында қатысушылар жасанды интеллект құралдарының мүмкіндіктерімен танысып, оларды білімде, жұмыста және күнделікті өмірде тиімді пайдалану жолдарын тәжірибе жүзінде меңгерді.








