БИЫЛ «БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ 2450 БАЛА ДЕМАЛДЫ

    БИЫЛ «БАЛАУСА» ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНДЕ 2450 БАЛА ДЕМАЛДЫ
    Түркістан қаласындағы «Балауса» жазғы сауықтыру лагерінде биылғы жазғы маусымның жабылу салтанатына арналған іс-шара өтті.
    Жиынға Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, балалар мен лагерь тәрбиешілерін жазғы демалыс маусымының сәтті аяқталуымен құттықтады. Іс-шара барысында белсенділігімен көзге түскен балалар мен үздік тәрбиешілер марапатталды.
    Биыл лагерьде 7 маусым ұйымдастырылып, жалпы 2450 бала жазғы демалысын тиімді әрі қызықты өткізді.
    Соңғы топтың оқушылары 21 тамыз күні осы маусымды тәмамдап, үйлеріне қайтатын болады.
    Лагерьде балалар үшін спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар, танымдық және мәдени іс-шаралар өткізіліп, олардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға мүмкіндік жасалды.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары