"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

17–18 тамыз күндері ауылдық округ әкімдігі аппаратының мамандары тұрғындар арасында жануарларды, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталатын жануарларды, сондай-ақ ЖШС, ШҚ/ФҚ-ға тиесілі ауыл шаруашылығы жануарларын АЖЖ базасына есепке қою мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, округ тұрғындарымен және «ES Global Agro» ЖШС МТФ бригадирімен ауыл шаруашылығы жануарларын GPS-трекерлермен жабдықтау және мал басының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жануарлардың бақылаусыз жайылуына жол бермеу мақсатында оларды тиісінше пайдалану қажеттілігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.









