"Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

24-25 шілде аралығында Бірлік ауылдық округінде аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Арасан көшесінде электр желілеріне жақын орналасқан ағаштарға бұтақтарын кесу жұмыстары жүргізіліп, бұл сымдардың бұтақтардан зақымдануының алдын алу мақсатында орындалды.
Жүргізілген жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, округ аумағында тазалық пен тәртіпті сақтауға, сондай-ақ елді мекеннің көркін жақсартуға бағытталған. Аумақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары тұрғындар үшін қолайлы әрі жайлы жағдай жасау мақсатында жалғасуда.









