Еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса (түзетулер болса) еңбек өтілін растау тәртібі

    Еңбек кітапшасында тиісті жазбалар болмаса (түзетулер болса) еңбек өтілін растау тәртібі

    Сұрақ: Егер зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек кітапшасында түзетулер болса не істеу керек?

    Бүгінгі таңда зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі.

    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең есепке алынады.

    Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады.

    Еңбек кітапшасы жоқ немесе жарамсыз болса, еңбек кітапшасында тиісті жазбалар, нақтылық болмаса, түзетулер және оқылуында әртүрлілік болса еңбек өтілі архив мекемелерінен немесе жұмыс орнынан анықтамалармен расталады.

    Еңбек өтілін архивтік анықтамалармен растау мүмкін болмаған жағдайда еңбек өтілі сот тәртібімен расталады.

    Егер де құжаттарды қарастыру кезінде еңбек өтілін растау үшін сотқа жүгіну қажет болған жағдайда, департаменке жеке құжаттармен бірге (еңбек кітапшасы, архивтік анықтамалар,диплом,т.б.) жазбаша өтінішпен («E-Otinish» платформасыарқылы; пошта арқылы немесе департаменке) жүгінуге кеңес береміз, өйткені сотта еңбек өтілін растауда департаменттің пікірі талап етіледі.

    Өтініш жауабын алғаннан кейін еңбек өтілінің заңды фактісін растауға сотқа жүгінуге болады.

    https://www.instagram.com/reel/DcN_Bceox8-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары