Сайлау құқығы – әркімге қолжетімді: мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасаймыз

    Сайлау құқығы – әркімге қолжетімді: мүгедектігі бар азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасаймыз

    23 тамызда Қазақстан Республикасының құрылтайына депутаттар сайлауы өтеді.

    Алдағы оқиғаға байланысты маңызды мәселеге назар аударғым келеді - мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету.

    Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар 18631 сайлаушы бар. Олардың әрқайсысы үшін өзінің сайлау құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі керек.

    Облыста 543 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

    Қолжетімді сайлау учаскесі дегеніміз не?

    Қолжетімділік – бұл тек ғимараттың кіреберісіндегі пандустың болуы ғана емес.

    Кресло-арбаны пайдаланатын адам үшін ғимараттың кіреберісінен бастап дауыс беретін орынға дейінгі барлық жолдың ыңғайлы әрі кедергісіз болуы маңызды.

    Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін қауіпсіз бағдарлануға мүмкіндік беретін жағдайлар қажет. Оларға түсінікті навигация, тактильді элементтер, қолжетімді ақпарат және тиісті техникалық құралдар жатады.

    Ал есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін ақпаратты көрнекі және түсінікті түрде алу, сондай-ақ сайлау комиссиясының мүшелерімен кедергісіз қарым-қатынас жасау мүмкіндігі маңызды.

    Әр азаматтың таңдауы – жеке және еркін таңдау.

    Қолжетімділік ақпараттан басталады.

    Азаматтың алдын ала:

    📍 өзінің сайлау учаскесінің қай жерде орналасқанын;

    📍 оған қалай жетуге болатынын;

    📍 сайлау учаскесінде қандай жағдайлар жасалғанын;

    📍 қосымша көмек қажет болған жағдайда кімге жүгінуге болатынын білуі маңызды.

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) мүгедектіктігі бар азамат өзінің сайлау учаскесінің қолжетімділігі және көзделген мүмкіндіктер туралы алдын ала ақпарат ала алады.

    Қажет болған жағдайда сайлаушы сурдоаударма маманының немесе жеке көмекшінің көмегін пайдалануға құқылы.

    Егер сайлаушы денсаулық жағдайы бойынша учаскеге келе алмаса, белгіленген заңнама тәртібімен тұрғылықты жері бойынша дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған.

    Мүгедектік 23 тамыздағы сайлауға қатысуға кедергі болмауы керек, әр дауыс маңызды.

    Біздің ортақ міндетіміз - әрбір азаматтың тыңдаулы болу мүмкіндігіне ие болуы.

    https://www.instagram.com/reel/DcOAV3go_mN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==&igsi=MzRlODBiNWFlZA==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары