Жаңа 2026-2027 оқу жылының басталу қарсаңында Алтай ауданында жыл сайынғы «Назар аударыңыз — балалар!» акциясы өткізілуде.
Іс-шара аясында 19 тамыз күні жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері оқушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын мектеп автобустарына тексеру жүргізді.
Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдарынан 3 шақырымнан астам қашықтықта тұратын 100-ден астам оқушы мектеп көлігімен тасымалданатын болады. Балаларды тасымалдауға 13 бірлік мектеп көлігі жұмылдырылады.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері автобустардың пайдалануға дайындығын, атап айтқанда, көлік құралдарының техникалық жағдайын, қажетті құжаттар мен жабдықтардың болуын, жарқылдауық маяктар мен дыбыстық сигналдардың жарамдылығын, сондай-ақ жүргізушілердің кәсіби даярлығына қойылатын талаптардың сақталуын тексерді.
Мұндай іс-шаралар жолдардағы оқушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыруға және балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мәселелеріне назар аударуға бағытталған.
Жаңа 2026-2027 оқу жылының басталу қарсаңында Алтай ауданында жыл сайынғы «Назар аударыңыз — балалар!» акциясы өткізілуде
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
Ұқсас материалдар

Сот-сараптама қызметінің 75 жылдығы
Түркістан облысының Әділет департаментіАшу
ИНДЕР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ
АшуБір мектепке арналған ғұмыр: ұстаздыққа адалдық, ұрпаққа аманат
Білім басқармасыАшу
Ұландықтар Талдықорғанда күдікті заты бар ер адамды ұстады
Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланыАшу
АТБАСАРДА АУРУХАНА ЖАҢҒЫРТЫЛДЫ: БЕС АУДАННЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛДЫ
ҚР ДСМАшу
"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары

Оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және бракераж комиссияларының жұмысын мониторингтеу
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу
2026 жылдың 17 қыркүйектен 30 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Алтай ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіАшу