
9 қыркүйек күні ведомствоаралық сараптамалық топ (ВСТ) мүшелері – білім бөлімінің басшысы Б.К. Канафина, «Атамекен» ҰКП ШҚО бойынша Алтай ауданы филиалының директоры Ж.Е. Садықова және білім бөлімінің бас маманы О.А. Рогожинадан құралған топ Алтай қаласындағы №6, №9 орта мектептерде және №1 бастауыш мектепте оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және бракераж комиссияларының қызметіне мониторинг жүргізді.
Аталған мектептердің ас блоктары оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру қызметін жүзеге асыратын үш жеке кәсіпкердің жалдауында.
Мониторинг барысында ВСТ мүшелері бракераж комиссиялары жұмысының ұйымдастырылуын, есепке алу құжаттарының жүргізілуін, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ мектеп тағамдарының ас мәзірінің белгіленген талаптарға сәйкестігін зерделеді.
Дайын тағамдардың сапасын бақылауға, бекітілген ас мәзірінің сақталуына, қажетті құжаттардың болуына және бракераж журналдарының дұрыс жүргізілуіне ерекше назар аударылды.
Алтай ауданында 35 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Жалпыға бірдей міндетті оқыту қорының қаражаты есебінен бастауыш сыныптардың барлық оқушылары, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттарға жататын 372 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектептегі тамақтандыруды мониторингтеу жұмыстары оқу жылы бойы жалғасын табады.





