ӨРТТІ АУЫЗДҚТАУҒА ЖҰМЫЛҒАН БАРША ЕЛ АЗАМАТТАРЫНА АЛҒЫС!

    ӨРТТІ АУЫЗДҚТАУҒА ЖҰМЫЛҒАН БАРША ЕЛ АЗАМАТТАРЫНА АЛҒЫС!

    15–17 тамыз күндері Қарқаралы ауданындағы Жаңатоған, Бесоба, Ынталы және Шарықты ауылдық округтерінде табиғи өрт орын алып, оны ауыздықтауға төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен қатар 300-ден астам ауыл тұрғыны мен 100-ге жуық техника жұмылдырылды.

    Қиын сәтте ауыл азаматтары жеке техникаларын ұсынып, уақытын және күш-жігерін аямай, өрт сөндіру жұмыстарына белсенді атсалысты. «Gold Corp» мекемесі арнайы техника және жанар-жағармаймен, «Қамқор» өндіріс орны жанар-жағармаймен қолдау көрсетті. Шаруа қожалықтары да өз техникаларымен көмекке келді.

    Өрт сөндіру жұмыстарын аудан әкімдігі үйлестіріп, мамандар мен тартылған азаматтарды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырды. Мемлекеттік мекеме қызметкерлері де жұмыстарға жұмылдырылды.

    Сондай-ақ Қайнарбұлақ пен Нұркен ауылының азаматтарына ерекше алғыс білдіреміз.

    Табиғи өртті ауыздықтауға атсалысқан барлық азаматтарға, төтенше жағдайлар қызметінің мамандарына, кәсіпорындар басшылығы мен еңбек ұжымдарына шынайы ризашылығымызды білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімі аппараты" ММ" жаңалықтары