
17 тамыз күні Ақтау әкімдігінде қалалық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиынға Қоғамдық кеңес төрағасы Сьезбек Кәріпов төрағалық етті.
Күн тәртібінде халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету, қоғамдық көлік қозғалысының кестесі, аялдамалардың жай-күйі мен қолжетімділігі, электрондық төлем жүйесінің тиімділігі және жүргізушілер мәдениеті мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, Ақтау қаласында тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, сондай-ақ 2026 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекіту мәселелері қаралды.
Отырыс барысында қала әкімдігінің өкілдері баяндама жасады. Сонымен қатар көтерілген мәселелер бойынша пікірлер айтылып, ұсыныстар берілді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі









