Экология министрі Junxin компаниясымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасының іске асырылу барысын талқылады

    Экология министрі Junxin компаниясымен қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасының іске асырылу барысын талқылады

    2026 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі «Junxin Environmental Protection (Almaty)» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобасының іске асырылу барысы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да әлеуетті қалаларында ұқсас жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

    Бүгінгі таңда барлық қажетті шарттарға қол қойылып, құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) дайындық жұмыстары басталды.

    Еске сала кетейік, жоба 2025 жылы жасалған Инвестициялар туралы келісім аясында іске асырылуда және қалдықтарды басқарудың заманауи инфрақұрылымын дамытуға және оларды энергетикалық кәдеге жаратуға бағытталған.

    Министрлік инвестормен жобаны сүйемелдеу және оны белгіленген мерзімдерде іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі" жаңалықтары