Баянауыл ауданында«Отбасы банк»өкілдері тұрғындармен кездесу өткізіп, баспаналы болу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Жиын барысында аудан тұрғындарына тұрғын үй саясатындағы негізгі өзгерістер мен мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты баяндалды.
Кездесуде талқыланған басты мәселелер:
- Тұрғын үй кезегіне тұру және актуализация:Кезекке тіркелу тәртібі, құжаттарды жаңарту мен мәліметтерді өзектендірудің (актуализация) маңыздылығы айтылды.
- Жеңілдетілген бағдарламалар:Әлеуметтік сала қызметкерлеріне, көпбалалы және толық емес отбасыларға, сондай-ақ жастарға арналған жеңілдетілген заем алу шарттары түсіндірілді.
- Баспаналы болу критерийлері:Несиелік өтінімді мақұлдау кезіндегі табыс деңгейі, жинақ көрсеткіштері мен тұрғын үйдің жоқтығын растау талаптары нақтыланды.
Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, банк мамандарынан жеке консультациялық кеңестер алды. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жиындары аудан тұрғындарының баспана жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қосымша ақпаратты https://hcsbk.kz сайтынан көре аласыздар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








