Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар өтті

    Агенттікте «Мемлекеттік қызметшілердің террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартылуына жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар өтті

    2026 жылғы 18 тамызда Агенттіктің әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақов Агенттік пен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттік қызметшілерді террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеуге бағытталған профилактика» тақырыбында семинар ұйымдастырып өткізді. Семинарға 18 адам қатысты.

    Аталған іс-шараға Астана қаласы әкімдігінің Дін істері басқармасына қарасты «Qamqor Astana» Қоғамдық қорының лекторы дінтанушы Қуатов Арулан және сарапшы Айдарқұл Марлен шақырып, қатысушыларға «Қазақстан зайырлы мемлекеті» атты таныстырылымды әзірледі.

    Лектор өз сөзінде аталған тақырыпқа қатысты мазмұнды таныстыру материалдарын ұсынды, террористік, діни-экстремистік және деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі туралы түсіндірді, қоғамда болып жатқан оқиғалардың қазіргі заманғы сын-қатерлерін түсіндірді. Семинарда мемлекеттік қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптар алды.

    Әдеп жөніндегі уәкіл тек қана ресми дереккөздерден қызықтыратын ақпаратты алу, сондай-ақ заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен тыйымдарды сақтау қажеттігін атап өтті.

    Қатысушылар мазмұнды және қызықты семинар өткізгені үшін алғыстарын білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары