Мобильді фронт-офис «Даму» Сарыкөл ауданында

    Мобильді фронт-офис «Даму» Сарыкөл ауданында

    Бүгін Сарыкөл ауданында Кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму»-дың мобильді фронт-офисі жұмыс істеді.

    Кәсіпкерлер қажетті ақпаратты тікелей сол жерде алып, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, қаржыландыру шарттары және бизнесті дамыту құралдары бойынша жеке консультациялар алу мүмкіндігіне ие болды.

    Мобильді фронт-офистің жұмысына серіктестер – «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Аграрлық несие корпорациясы», Halyk Bank, Bank CenterCredit, Nurbank және Отбасы банкі де қатысты.

    Мұндай көшпелі кездесулер мемлекеттік қолдау шараларын аудан кәсіпкерлері үшін барынша қолжетімді етуге және бизнесті іске асыру мен дамыту барысында туындайтын сұрақтарға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Сарыкөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары