Медициналық-әлеуметтік сараптама сұрақтары бойынша оқыту

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Медициналық-әлеуметтік сараптама сұрақтары бойынша оқыту

    Медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі – МӘС) азаматтарды жолдау кезінде жіберілетін кемшіліктерді жою, сондай-ақ МӘС-ке жолдамаларды сапалы әрі негізді рәсімдеуді қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылдың 11 тамызында Ақжайық аудандық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігерлері Ж. Кенжегалиева мен Ж. Өтепова алғашқы МӘС бөлімінің көзбе-көз куәландыру отырысына қатысты.

    Отырыс барысында дәрігерлер МӘС жүргізу тәртібімен танысып, жолдамаларды рәсімдеу кезінде жиі кездесетін қателіктерді қарастырды, сондай-ақ азаматтарды МӘС-ке негізсіз жолдау себептеріне талдау жүргізді. Көзбе-көз отырысқа қатысу мамандардың практикалық тәжірибесін арттырып, азаматтарды медициналық-әлеуметтік сараптамаға сапалы әрі негізді жолдау мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары