Станционный кентінде есірткі заттарын қолданудың алдын алу шаралары аясында Ratmir және Т. кавер-топтың қатысуымен жас орындаушылар фестивалі өтті.

    Станционный кентінде есірткі заттарын қолданудың алдын алу шаралары аясында Ratmir және Т. кавер-топтың қатысуымен жас орындаушылар фестивалі өтті.

    Бұл кеш музыкаға, көтеріңкі көңіл-күйге және жарқын эмоцияларға толы нағыз мерекеге айналды. Кент тұрғындары мен қонақтары бірге ән айтып, би билеп, өнерпаздарға қолдау көрсетіп, мерекелік атмосферадан ләззат алды.
    Іс-шара барысында маңызды тақырыпқа — есірткі заттарын қолданудың алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше назар аударылды. «Зерделі Ұрпақ» ҮЕҰ еріктілері ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, іс-шараға қатысушыларға «Біз есірткіге қарсымыз!» атты ақпараттық брошюралар таратты.
    Ratmir және Т. кавер-топқа, ұйымдастырушыларға, еріктілерге және әрбір қонаққа осы тамаша кеш үшін алғысымызды білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы Көкшетау қаласы Станционный кенті әкімінің аппараты" жаңалықтары