Косшы қаласында POND SWIM 2026 жүзу жарысы өтті

    Қала прокуратурасының үйлестіруімен уәкілетті органдармен бірлесіп, «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру шеңберінде Косшы қаласындағы «Чистые пруды» демалыс базасының аумағында POND SWIM 2026 спорттық іс-шарасы өткізілді.

    Жарыс аясында 3000, 1000 және 500 метр, жүзу қанатшаларымен 500 метр, Kids 500 және SUP 1500 метр қашықтықтарына жүзу жарыстары ұйымдастырылды.

    Іс-шараға әртүрлі жас санаттарындағы спортшылар, оның ішінде балалар қатысты.

    Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өткізілді.

    Іс-шараны өткізу «Заң мен тәртіп» нарративі шеңберінде салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және халықтың қауіпсіз әрі мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталды.

    Ақмола облысының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының прокуратурасы" жаңалықтары