
Бүгін Шөптікөл мәдени-спорт кешенінде аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 90 жылдығына арналған «Кітапхана – өткеннің үні, бүгінгінің тынысы, келешектің үміті» атты мерекелік кеш өтті.
Шараға аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев қатысып, кітапхана саласының ардагерлері мен қызметкерлерін мерейтоймен құттықтады. Саланың дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік, облыстық және аудандық марапаттарға ие болды.
Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, кітапхана тарихы мен рухани құндылықтары кеңінен насихатталды.









