
Қолданыстағы заманауи ғылыми деректер белгіленген қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда 4G/5G технологияларының адам денсаулығына қауіпті екенін растамайды.
Ұялы байланыс технологияларының дамуымен бірге адамдарда мобильді телефондарға, байланыс мұнараларына және электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты алаңдаушылықтар ара-сыра туындап жатады. Соның ішінде 4G/5G сигналдарының адам денсаулығына ықтимал кері әсері туралы хабарламалар да таралып жатады.
Қолда бар ғылыми деректерді бағалау мақсатында биыл Қазақстанның бірқатар ғылыми және медициналық ұйымдарының мамандары халықаралық зерттеулерге талдау жүргізген болатын. Мета-талдаулар мен жүйелі шолуларды қоса алғанда, 255-тен астам ғылыми жарияланым зерттелді.





