Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Батыс Қазақстан облысының ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы «Уральский трансформаторный завод» ЖШС-не жоспарлы инспекция жүргізді. Тексеру барысында аталған саладағы заңнама талаптарының сақталмағаны анықталды. Кәсіпорынның техникалық регламенттерді толық көлемде орындамайтыны белгілі болды. Анықталған кемшіліктерді жою үшін инспекторлар мекеме басшылығына міндетті нұсқама берді. Заңды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл түріндегі жаза қолданылды. Өндірістік сектор объектілеріндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуы ведомствоның тұрақты бақылауында.









