
Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кезекті кеңейтілген аппарат отырысы өтті. Жиында сенімгерлік басқарудағы нысандардың жай-күйі, медициналық пункттер мен мектептерді меншікке қабылдау жұмыстары сараланды. Сонымен қатар Мойынты кентіндегі және өңірдегі өрт қауіпсіздігі жағдайы талқыланып, тиісті шаралар қабылдау және дала өрттері бойынша жедел ақпарат беріп отыру тапсырылды. Оған қоса «Таза Қазақстан» бағдарламасының барысы, азық-түлік бағаларының тұрақтылығы, суға шомылу маусымы және аусыл ауруының алдын алу шаралары пысықталды. Жиын соңында аудан әкімі жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.









