«Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау» акциясы өткізілді

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    «Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғау» акциясы өткізілді

    Кәмелетке толмағандар мен жастардың еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ оларды заңсыз еңбекке тартудың алдын алу мақсатында Бескөл ауылдық округі аумағында учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп мониторингтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

    Іс-шара барысында жастардың еңбек заңнамасында белгіленген құқықтарының сақталуына, еңбек шарттарының рәсімделуіне және кәмелетке толмағандардың заңсыз еңбекке тартылуына жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сонымен қатар, жұмыс берушілерге кәмелетке толмағандардың еңбегін пайдалану кезінде заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.

    Мұндай профилактикалық жұмыстар жастардың еңбек құқықтарын қорғауға және олардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары