Айыппұлдан жалтармақ болған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

    Айыппұлдан жалтармақ болған жүргізуші жауапкершілікке тартылды

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін пайдалану фактісін анықтады.

    Құқық бұзушы көршілес өңірдің 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол «Toyota Camry» автокөлігімен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолы бойымен келе жатып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдан жалтару мақсатында мемлекеттік тіркеу нөміріндегі цифрлардың бірін скотчпен жауып қойған.

    Құқық бұзушылығы бейнебақылау камералары арқылы тіркелді. Заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен полиция қызметкерлері жүргізушінің жеке басын жедел анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

    Тәртіп бұзушының көлігі мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Енді оған бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

    Полиция ескертеді: мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі өзгерту немесе жасыру заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Құқық бұзушылықты жасыруға бағытталған кез келген әрекет анықталып, заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары