ХАЛЫҚ ҮНІ – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА

    ХАЛЫҚ ҮНІ – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
    ХАЛЫҚ ҮНІ – ДЕПУТАТТАР НАЗАРЫНДА
    Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Талғат Қаржауов пен Ербол Ералиев Жетісай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықты толғандырған өзекті мәселелерді талқылады.
    Аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш жүргізген кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын нақтылау болды.
    Жергілікті тұрғындарды толғандырған мәселелер ашық айтылып, ұсыныстар талқыланған кездесуде облыстық мәслихат депутаты Талғат Қаржауов депутаттық корпустың атқарған жұмыстарына тоқталып, алдағы міндеттер мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты басым бағыттарды таныстырды.
    Нақтырақ айтар болсақ, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, ішкі жолдардың жағдайын жақсарту, балалар ойын алаңшаларын көбейту, санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелеу мәселелеріне, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласын дамыту және өндірістік әлеуетті арттыру мәселесіне назар аударылды. Негізгі табысы ауыл шаруашылығына тәуелді аудан үшін өндірілген өнімді тек шикізат күйінде өткізбей, оны терең өңдейтін кәсіпорындарды көбейту қажеттігі айтылды. Бұл бағыт ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосымша құнын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлікті дамытуға және аудан экономикасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні атап өтілді.
    Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың әрқайсысы назарға алынып, жергілікті деңгейде шешімін табатын мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасары Нұркен Әлмеш пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов түсініктеме берді. Атқарылып жатқан жұмыстар мен олардың орындалу барысы туралы ақпараттар айтылды.
    Облыстық мәслихат депутаттары халықтың талап-тілектерін назарға алып, тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданатынын, олардың шешілу барысы бақылауда болатынын жеткізді.
    Халық пен билік арасындағы кері байланысты нығайтуға, елді мекендердегі нақты мәселелерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын белгілеуге арналған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары