
🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызметтік міндеттері аясында Ұлытау ауданының полиция бөлімінің жас қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандардың құқықтарын сақтау, сондай-ақ балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – полиция қызметкерлерінің бала құқықтарын қорғау саласындағы құқықтық сауаттылығын арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың маңыздылығын түсіндіру.









