Мыңдаған көрермен жиналған мереке: Тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Мыңдаған көрермен жиналған мереке: Тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда

    Мыңдаған көрермен жиналған мереке: Тәртіп пен қауіпсіздік — басты назарда

    Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында еңбек және тыл ардагері, Еңбек Қызыл Ту орденінің екі мәрте иегері Жасықбаев Барыс Ботыұлының 120 жылдығына арналған ауқымды концерт өтті. Аудандық стадионда ұйымдастырылған шараға өңірдің 4,5 мыңға жуық тұрғыны мен қонақтары жиналды.

    Көрермендер үшін қанық концерттік бағдарлама дайындалды. Сахнада отандық эстраданың танымал әншілері мен аңызға айналған «МузАРТ» тобы өнер көрсетіп, көрермендерге жарқын музыкалық кеш сыйлады.

    Қонақтар концертті тамашалап жатқан уақытта, полиция қызметкерлері шара өтетін аумақта тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Көрермендердің көптігін ескере отырып, қоғамдық тәртіпті сақтауға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мен Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің арнайы бөлімшелерінің сарбаздары жұмылдырылды.

    Құқық қорғау органдары стадион маңындағы аумақты күшейтілген бақылауға алды. Жол қозғалысының ахуалына ерекше назар аударылды: көлік ағындары реттелді, кептелістерге жол берілмеді және көрермендердің концерт өтетін орынға қауіпсіз жетуі қамтамасыз етілді.

    Нәтижесінде ауқымды шара ұйымдасқан түрде және тыныш өтті. Қоғамдық тәртіпті бұзу деректері мен оқыс оқиғаларға жол берілмеді.

    Мыңдаған адамның басын қосқан бұл шарада тәртіп сақшылары өз міндеттерін мінсіз атқарып, тұрғындардың мерекені алаңсыз әрі қауіпсіз жағдайда тойлауына толық жағдай жасады.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары