Азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

    Азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

    Бауыржан Момышұлы ауылында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді.

    Аудан әкімінің орынбасары А. Асабаев пен кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысы Т. Амиралиев бірқатар азық-түлік дүкендерін аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының белгіленген бағаларын сақтау мәселесін түсіндірді.

    Кәсіпкерлерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеруге жол берілмейтіні ескертіліп, қолданыстағы заңнама талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ тауар бағасын негізсіз қымбаттатқан жағдайда заң талаптарына сәйкес тиісті жауапкершілік қарастырылғаны айтылды.

    Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – тұрғындарды әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қолжетімді бағамен қамтамасыз ету, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау.

    Аудан аумағында азық-түлік бағасына мониторинг жүргізу және кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасатын болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жуалы ауданының әкімдігі" жаңалықтары