
📌 Азаматтарды жеке қабылдау өтті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.
Осыған орай, Департамент басшысының орынбасары Н.М. Сейдалиев азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың еңбек қатынастары, еңбек заңнамасының сақталуы және өзге де мәселелер бойынша өтініштері тыңдалып, көтерілген сұрақтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.
Азаматтарды қабылдау барысында Департаменттің талдау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік еңбек инспекторы К.К. Еспенбетова хатшылық етті.
🤝 Азаматтардың өтініштерін қарау, олардың еңбек құқықтарын қорғау және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету – Департамент жұмысының негізгі бағыттарының бірі.
#ЕңбекИнспекциясы #ЖамбылОблысы #ЕңбекҚұқықтары #АзаматтардыҚабылдау #ЕңбекЗаңнамасы #МемлекеттікЕңбекИнспекторы









