
Алименттік міндеттемелер бойынша сот шешімдерінің орындалу тиімділігін арттыру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы «Алимент – бұл формалдылық емес, баланың лайықты өмір сүру құқығы» атты әлеуметтік ролик дайындады.
Роликтің негізгі мақсаты – алимент төлеудің маңыздылығына, сондай-ақ ата-аналардың моральдық және құқықтық жауапкершілігіне қоғам назарын аудару.
Бұл материалды ұсыну формасы әрбір ата-анаға балалар алдындағы өз міндетін орындаудың маңыздылығын еске салып, қоғамды бейжай қалдырмайды деп сенеміз.
Елорда прокуратурасы ескертеді: алимент төлеуден жалтару – бұл тек моральдық жауапсыздық қана емес, сонымен қатар қылмыстық құқық бұзушылық!
Салдарын күтпей, өз міндеттеріңізді ерікті түрде орындаңыздар!
Алимент – бұл жаза емес, бұл қамқорлық!









