
2026 жылғы 13 тамызда Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З. Илимжанова Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Е. Мизамбаевпен және Талдықорған қалалық аумақтық сайлау комиссиясының (АСК) төрағасы Ә. Рымтайұлымен бірлесіп, мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында облыс орталығында орналасқан бірнеше сайлау учаскесінің қолжетімділігіне мониторинг жүргізді.
Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толыққанды жүзеге асыруын қамтамасыз ету мақсатында аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп сайлау учаскелерінің қолжетімділігі, объектілердің қолжетімді орта талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, кедергісіз әрі қауіпсіз дауыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ақылға қонымды бейімдеу шараларын қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сайлау учаскелеріне бару барысында учаске кіреберісінде сайлаушыларды сайлау учаскесіне кіру тәртібі және көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беретін дауыстық хабарламамен қарсы алу қарастырылғаны анықталды. Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін электрондық лупаны (бейнеұлғайтқышты), ал есту қабілеті бұзылған азаматтар үшін индукциялық жүйені пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Сонымен қатар қажетті көмек көрсету үшін волонтерлерді тарту, сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтарға туындайтын мәселелер бойынша сүйемелдеу және консультация беру үшін жауапты тұлғаны белгілеу көзделген.
Қабылданып жатқан шаралар нақты практикалық нәтижеге қол жеткізуге және мүгедектігі бар азаматтардың сайлау учаскелеріне кедергісіз, қауіпсіз және тең дәрежеде қол жеткізуін, сондай-ақ сайлау процесіне қатысуын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екені атап өтілді.









