2026 жылғы 19 тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы 19 тамызда сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып, жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 266 «Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 «Қостанай облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 9 қазандағы № 543 «Қостанай облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Анықтама және қатысуға өтінімдер телефон арқылы: 8 (7142)542430, 542080.
e-mail: [email protected]
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
Қостанай облыстық мәслихатының отырысы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru интернет-ресурста онлайн режимде, сондай-ақ мәслихаттың Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr тікелей эфирде көрсетіледі.
Архивтік жазба ресми https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy телеграм-арнада орналастырылады.






