Қала әкімдігінде абаттандыру мәселелері бойынша кеңес өтті

    Қала әкімдігінде абаттандыру мәселелері бойынша кеңес өтті

    Кеңес барысында көшелер мен аулалардың санитарлық жағдайы, жолдар мен тротуарларды күтіп ұстау, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру, балалар және спорт алаңдарының, сондай-ақ мектептер мен балабақшалар аумақтарының жағдайы талқыланды.

    Рұқсат етілмеген қоқыс орындарын толық жою, ағаштарды санитарлық мақсатта кесу және өскіндерді жою бойынша ауқымды жұмыстарға ерекше назар аударылды.

    Жауапты қызметтерге нақты тапсырмалар беріліп, оларды орындау ерзімдері белгіленіп, жауапты орындаушылар бекітілді. Жұмыстардың орындалу барысы тұрақты бақылауда.

    Қаланы абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табуда. Негізгі міндет - тұрғындар үшін тазалықты, тәртіпті және жайлы қалалық ортаны қамтамасыз ету.

    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шахтинск қаласының әкімдігі" жаңалықтары