Спорт – ел бірлігінің белгісі!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Спорт – ел бірлігінің белгісі!

    Бүгін аудан аумағында өтіп жатқан Спорт апталығы аясында Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев жергілікті спортшылармен кездесті.

    Кездесу барысында ел біріншіліктерінде топ жарып, жоғары нәтиже көрсеткен үздік жас спортшылар, олардың бапкерлері мен спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген жанашыр азаматтар марапатталды.

    Сонымен қатар, ауданның спорт саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар таныстырылды.

    Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, жас ұрпақты жігерге, тәртіпке және жеңіске тәрбиелейтін үлкен мектеп.

    Барша спортшыларды, жаттықтырушыларды, ардагерлер мен спорт жанашырларын құттықтаймыз!

    Алға ауданының спортшыларына жаңа биіктер, жарқын жеңістер және толағай табыстар тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары