2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі!

    2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі!

    🍺 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау енгізіледі!

    📌 2026 жылғы 1 қыркүйектен кейін өндірілген немесе Қазақстан аумағына әкелінген өнімде Data Matrix таңбалау коды болуы тиіс.

    Сыраны таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде:

    🟢 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап — кегтердегі өнімге;
    🟢 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап — шыны бөтелкелердегі өнімге;
    🟢 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — темір қалбырлардағы өнімге.

    🔎 Алдағы уақытта өнімнің өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап бөлшек саудаға дейінгі толық қадағалануы қамтамасыз етіледі. Бұл ретте айналымға қатысушылар арасында өнімді беру кезінде электрондық құжаттарды рәсімдеу және растау жүзеге асырылады.

    📊 Сала жаңа талаптарға дайындалуда. ҚР ҚМ МКК-нің деректеріне сәйкес Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) 16 392-ден астам айналымға қатысушы тіркелген.

    ❗ Нарыққа қатысушылар не істеуі қажет?

    1️⃣ ТТҚ АЖ жүйесінде tanba.markirovka.kz порталы арқылы тіркелу;
    2️⃣ Тауар карточкаларын тіркеуді бастау;
    3️⃣ Таңбалау кодтарын алу үшін қажетті рәсімдерді алдын ала аяқтау;
    4️⃣ Таңбаланған өнімді айналымға енгізу кезінде электрондық құжаттарды рәсімдеу және растау талаптарына дайын болу.

    🍺 Маңызды! Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра мен сыра сусындарының қалдықтарын белгіленген тізбеге сәйкес бір күнтізбелік жыл ішінде өткізуге болады.

    ⚠️ Нарыққа қатысушыларға дайындық жұмыстарын алдын ала бастау ұсынылады. Уақытылы тіркелу және тауар карточкаларын рәсімдеу жаңа талаптарға көшу кезінде қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары