Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мәселелері бойынша семинар өткізілді

    Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының басшысы А. Садырбаев басқарма қызметкерлеріне қызметтік әдеп нормалары мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша семинар өткізді.

    Іс-шара барысында қызметтік міндеттерді атқару кезіндегі әдепті мінез-құлық, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен құрмет таныту қағидаттарын ұстану, сондай-ақ еңбек тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқына қойылатын талаптарды сақтау, мүдделер қақтығысына жол бермеу, мемлекеттік қызметтің беделін сақтау және қоғам алдындағы дербес жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттырудың, қызметтік әдеп нормаларын қатаң сақтаудың және мемлекеттік органның оң имиджін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

    Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушыларға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да мүлтіксіз сақтау қажеттігі еске салынды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары