
Акцияның мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру және атмосфералық ауаны қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
«Эко Алматы» мамандары жеке сектор тұрғындарымен және қоғамдық тамақтану нысандарының иелерімен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды басқару қағидалары мен жылытуға қойылатын талаптар туралы ақпарат беруде.
Мусор мен қалдықтарды жағуға жол берілмейтініне ерекше назар аударылуда. Қалдықтарды жағуға тыйым салынады, себебі бұл атмосфералық ауаның сапасына кері әсер етеді.
Сондай-ақ кәсіпкерлерге жыл соңына дейін нысандарды газбен жылытуға көшіру қажеттілігі түсіндірілуде. Қазіргі уақытта мамандар тиісті хабарламаларды табыстауда.
Таза ауа – баршамызға ортақ құндылық әрі жауапкершілік. Алматы тұрғындары мен кәсіпкерлерді экологиялық талаптарды сақтауға, қалдықтарды жақпауға және қаланың таза әрі қолайлы экологиялық жағдайын сақтауға өз үлестерін қосуға шақырамыз.








