ҚР Ұлттық экономика министрлігі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) тәуелсіз директорларына бір мезгілде бірнеше ұйымда қатар жұмыс істеу мүмкіндігін шектеді. Бұл шара Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасы бойынша қабылданды және ӘКК-лерді басқару сапасын арттыруға бағытталған.
2025 жылы Жоғары аудиторлық палата ӘКК-лердің тиімділігіне және олардың өңірлердің дамуына ықпалына аудит жүргізді. Тексеру барысында кейбір ӘКК-лердегі тәуелсіз директорлардың бір уақытта республика бойынша әртүрлі өңірлерде орналасқан бес және одан да көп ұйымның басқару органдарының құрамына кіретіні анықталды.
Аудиторлар мұндай жүктеме жағдайында тәуелсіз директорлардың ӘКК шеңберінде объективті әрі дербес шешім қабылдай алмайтыны туралы қорытындыға келді. Қашықтан жұмыс істегендіктен, олар өңірдің ерекшелігі мен корпорацияның ішкі үдерістерін толық білмейді. Іс жүзінде олардың директорлар кеңесінің жұмысына қатысуы дауыс беруге формалды қатысумен шектеледі.
Осыған байланысты Жоғары аудиторлық палата ҚР Ұлттық экономика министрлігіне нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіп, тәуелсіз директорлардың квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмысына қатысуын шектеуді тапсырды.
Нәтижесінде қажетті түзетулер Корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне енгізілді. Сондықтан жаңа талап тек ӘКК-лерге ғана емес, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорынан басқа мемлекет қатысатын барлық акционерлік қоғамға қатысты болады. Енді директорлар кеңесінің мүшесі бұл лауазымды үштен артық заңды тұлғада, ал директорлар кеңесінің төрағасы екіден артық заңды тұлғада атқара алмайды.
Бұл шара тәуелсіз директорлар институтын нығайтып, оның нақты стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысу арқылы бастапқы мәнін қалпына келтіруге және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардағы басқару сапасын арттыруға тиіс.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша берілген қалған тапсырмалардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады.
Мемлекеттік аудиттен кейін квазимемлекеттік сектордағы корпоративтік басқару қағидалары күшейтілді
Ұқсас материалдар

“Заң. Әділет. Логика” интеллектуалды Quiz сайысы өткізілді
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
1 қазан – Халықаралық қарттар күні
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшуҚР СИМ бұйрығының жобасын орналастыру туралы
ҚР СИМАшу
Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысы өткізілді.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіАшу
Алматыда жабайы қоқыс орындары мен аумақтарды ластауға қатысты 8,5 мың құқық бұзушылық анықталды
Алматы қаласының Полиция департаментіАшу
"Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы" жаңалықтары

Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудиттен кейін БЖЗҚ жекеменшік зейнетақы активтерін басқарушылардың есептілігінің ашықтығын арттырды
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласының 40-қа жуық ұйымы ғылыми нәтижелілік тұрғысынан бағаланды
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Мемлекеттік аудиторларды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссияның жаңартылған құрамының алғашқы отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Қазақстанда алғаш рет АЗОСАИ Басқарма кеңесінің отырысы өтті
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу
Әлемнің 22 елінің жоғары аудит органдарының өкілдері ҚР Жоғары аудиторлық палатасының 30 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасыАшу