«Салауатты жұмыс орындары – Дені сау жұмыскерлер» тақырыбында семинар өткізілді

    «Салауатты жұмыс орындары – Дені сау жұмыскерлер» тақырыбында семинар өткізілді

    2026 жылғы 12 тамызда «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру шеңберінде кәсіптік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу мақсатында Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Әулие-Ата халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлерімен «Салауатты жұмыс орындары – Дені сау жұмыскерлер» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында өндірістік бақылауды жүргізу, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, мерзімдік медициналық тексеруден өту қағидалары, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша өзекті мәселелер қаралды. Семинарға қатысушыларға қолданыстағы санитариялық заңнама талаптары, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудегі жұмыс берушінің рөлі, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін ұтымды тамақтану мен дене белсенділігінің маңызы түсіндірілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ақпараттық жадынамалармен қамтамасыз етілді. Семинар соңында «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында сауалнама жүргізілді. Іс-шараға 15 адам қатысты. Сонымен қатар инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары