Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

    Абай облысында тауарлар мен қызметтерді өткізу туралы

    2026 жылғы қаңтар-шілдедегі жедел деректер бойынша бөлшек сауда тауар айналымы өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,2%-ға өсті және 378,6 млрд. теңгенi құрады.

    Бөлшек тауар айналымының республикалық көлемінде Абай облысы 11-орын алады, бөлшек тауар айналымының республикалық көлеміндегі үлесі 2,7%-ды құрады.

    Бөлшек сауданының негізгі бөлігін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олардың сауда айналымы облыстың бөлшек сауда айналымының 59,7 %-ын құрады және 2025 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 11,3%-ға көбейді.

    Саудамен айналысатын кәсіпорындар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,6%-ға көбейді және облыстың бөлшек сауда тауар айналымының 40,3%-ын құрады.

    Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 65,3%-ын азық-түлік емес тауарлары, 34,7%-ын азық-түлік тауарлары құрады.

    Сауданың едәуір көлемі Семей қаласына – 289,5 млрд. теңге немесе облыстың тауар айналымының 76.5%-ы тиесілі. Аягөз ауданына 5,6%, Жарма ауданына –4,4%-дан, Бородулиха ауданына -2,1%,Үржар ауданына –2,9%-дан келеді. Қалған өңірлердің үлесі 1,9% (Курчатов қаласы) 1%-ға дейін (Абай ауданы), 1%-ға дейін (Көкпекті ауданы), 1,7%-ға дейін (Бесқарағай ауданы) 1,4%-ға дейін (Мақаншы ауданына), 1,5%-ға дейін (Ақсуат ауданы) ауытқиды.

    2026 жылғы қаңтар-шілдесінде көтерме сауда көлемі 207,1 млрд. теңге сомасында немесе өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейіне қарағанда 119,8% қалыптасты. Көтерме сауда тауар айналымының құрылымында азық-түлік емес тауарлар және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер 69,9%-ды, азық-түлік тауарлары –30,1%-ды құрайды.

    Әдіснамалық түсініктемелер

    Бөлшек сауда – сатып алушыға жеке, отбасылық, үйiшiнде немесе кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес өзгедей пайдалануға арналған тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет.

    Көтерме сауда – жеке, отбасылық, тұрмыстық және басқа да осыған ұқсас жағдайларда пайдалануға байланысты емес, кейінен сатуға немесе өзге де мақсаттарға арналған тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

    www.stat.gov.kz/ ҚР өңірлерінің статистикасы/Абай облысы/Электрондық кестелер/Ішкі саудастатистикасы

    Орындаушы: Сауда және қызмет көрсету статистикасы бөлімінің басшысы:

    Г.Т.Толегенова

    Тел. +7 7222 362612

    Адрес:

    180000, Cемей қаласы

    Мәңгілік ел көшесі, 25

    ©Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары